Жетісуда діни экстремизмге қатысы бар 3 күдіктіден есірткі тәркіленді
Тінту кезінде олардан ірі көлемде «марихуана» есірткі заты тәркіленді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің екеуі діни экстремизм идеологиясын ұстанушылар екені анықталды. Тінту кезінде олардан ірі көлемде «марихуана» есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер табылып, тәркіленді.
— Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, — деді Жетісу облыстық полиция департаменті.
Полиция есірткі құралдарын тарату мен пайдалану, сондай-ақ экстремистік материалдарды сақтау және тарату — қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылықтар екенін ескертеді.