«Ақтөбенің» аңызға айналған футболшысы өмірден өтті

24 ақпан, 2025 / Алуа Арман
liter.kz
Ол 272 матчқа қатысып, 115 гол соққан

“Ақтөбе” клубының аты аңызға айналған футболшысы Геннадий Валентинович Шапкин 69 жасында қайтыс болды.

Sportarena.kz мәліметінше, Шапкин мансабының көп бөлігін “Актюбинец” (қазіргі “Ақтөбе”) командасында өткізді. Ол 272 матчқа қатысып, 115 гол соққан.

Бұл нәтиже оны клуб тарихындағы ең үздік сұрмергенге айналдырды.

Тэгтер:

Ақтөбе Футбол