Қызылорда облысында көлік қозғалысы шектелді

23 ақпан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті

Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты Әйтеке би ауылынан Қызылорда қаласына дейінгі учаскеде жол жабылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті.

2025 жылғы 23 ақпан сағат 21:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы» автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Әйтеке би ауылы — Қызылорда қаласы) республикалық автожолында көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Жолды 2025 жылғы 24 ақпан сағат 03:00–де ашу жоспарланған.

Тэгтер:

Қызылорда