Алматының Медеу ауданының бір бөлігі жарықсыз қалды
Жарықтың өшуі Оспанов, Сызғанов және Қаппаров көшелерінің бір бөлігін де қамтыған
“Алатау Жарық Компаниясының” (АЖК) мәліметінше, апат 15:50-де Жамақаев – Тайманов – Нұрлыбаев даңғылы – Иванилов көшелері аумағында болған.
“Алдын ала мәлімет бойынша, 10 кВ екі жерасты кабельдік желісі үзіліп, трансформаторлық қосалқы станциялар (ТП) ажыратылған. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары барысында қазіргі уақытта бір желі мен он ТП бойынша электр энергиясын беру ішінара қалпына келтірілді. Толық қалпына келтіру шамамен 1,5 сағат ішінде жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада.
Медеу ауданының тұрғындары электр энергиясының ажыратылу себептері туралы жедел ақпарат алу үшін “АЖК” байланыс орталығына 356-99-99 телефоны арқылы хабарласа алады.
“Алатау Жарық Компаниясының” электр қуатын ажырату картасына сәйкес, жарықтың өшуі Оспанов, Сызғанов және Қаппаров көшелерінің бір бөлігін де қамтыған.