Қазақстандық конькиші әлем кубогінде алтын жеңіп алды
Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Оlympic.kz мәліметінше, спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.
Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.