Астана – Ақтау бағытындағы ұшақтан өрт шықты
Оқиғаның толық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі
Астана – Ақтау бағытындағы FlyArystan әуе рейсінде өрт шықты. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Іnform.kz сайтының мәліметінше, 2025 жылдың 23 ақпанында FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шыққан. Бортсеріктер жедел әрекет етіп, өртті дереу сөндірді. Ұшақ бортында 182 жолаушы болған. Әуе кемесі қауіпсіздік мақсатында ұшу пунктіне қайта оралып, қалыпты жағдайда қонды.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару мүмкіндігі ұсынылуда.