Қоғам

БҚО-да он адамы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

istockphoto.com

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері анықталып жатыр

Батыс Қазақстан облысы Зачаганск кентінде автобус пен жеңіл автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды.

«Мой Город» басылымының мәліметінше, полиция департаменті 22 ақпан күні сағат 15:00-де ВАЗ 21703 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, №7 бағыттағы ПАЗ маркалы автобуспен соқтығысқанын хабарлады.

Автобуста 10 жолаушы болған, олар зардап шеккен жоқ. Ал жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алып, медициналық көмек алу үшін травматология бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.