Жаһан

Анасы дүкенде жүргенде үш бала өрттен қаза тапты

Ресей ТЖМ

Өртті сөндіруге Ресей ТЖМ-нің 37 өрт сөндірушісі мен 15 техникасы жұмылдырылды

Шадринск қаласында жеке үйден өрт шығып, оны байқаған көршілер дереу құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртеніп кеткен үйден үш баланың денесін тапты.

«Өртті сөндіру кезінде ТЖМ қызметкерлері үш ұл баланың денесін тапты: 4 жастағы егіздер мен 3 жастағы бала. Олардың 7 жастағы әпкесі 4 айлық бауырын өрттен алып шыққан, бірақ қалғандарын құтқара алмаған», – делінген Ресей ТЖМ хабарламасында.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға кезінде ата-аналары үйде болмаған: әкесі жұмыста, ал анасы дүкенге кеткен.

100 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіруге Ресей ТЖМ-нің 37 өрт сөндірушісі мен 15 техникасы жұмылдырылды.