Алматыда дүкеннен өрт шығып, 8 адам құтқарылды

22 ақпан, 2025 / Алуа Арман
NUR.KZ/Петр Карандашов
Зардап шеккендер жоқ

Алматыда Түрксіб ауданында Баймағамбетов көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйдің аумағында азық-түлік дүкені жанып, өрт үйдің шатырына тараған.

Өрт уақытша құрылыстан шығатын жолды кесіп тастағандықтан, тұрғындар шыға алмаған. 

Өрт сөндірушілер 8 адамды құтқарды. Зардап шеккендер жоқ.

Тэгтер:

Алматы өрт