Ақтауда автобус екі баланы қағып кетті
Зардап шеккен балалардың бірінің аяғы сынған, ол дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді
Lada.kz сайтының мәліметінше, желіде оқиғаның видеосы тарады.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қоғамдық көлік жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілген сигналына жүріп келе жатқанын хабарлады. Сол сәтте мектеп оқушылары жол қозғалысы ережесін бұзып, жолға жүгіріп шыққан.
Зардап шеккен балалардың бірінің аяғы сынған, ол дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Екінші баланың оң қолы сынған, қазір ол Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр.
Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруіне, көлік құралдары мен басқа да мүліктердің зақымдануына әкеп соқтыруы) әкімшілік хаттама толтырылды.