Бүгін Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Алматыда түнде кей жерлерде тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыс орталығында 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Атырау облысында түнде қар, облыстың оңтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қарлы боран соғады.
Ақтөбе облысының батысында қалың қар жауады. Батыста, солтүстікте және облыс орталығында бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік, оңтүстік, таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей жерлерде қалың қар жауады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысы мен шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде қар жауады деп күтілуде. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады деп күтілуде. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман күтіледі.