Жаңалықтар

Астанада автобус апатқа ұшырады: Жолаушылар аман қалды

Ашық дереккөзден алынған

Автобус жарық бағанына соғылған.

Елордада қоғамдық көлік жол жиегіндегі бағанға соғылды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Астанада жантүршігерлік апат болды. Автобус бағанға соғылған. Жарақат алғандар көп, бірақ бәрі тірі», – делінген Михаил Козачковтың Telegram-да таратқан ақпаратында.

Оқиға орнында құтқарушылар қызмет етіп жатыр.