Қытайда коронавирустың жаңа түрі анықталды
Вирустың Гонконгте жапон тегісмұрынды жарқанатынан табылған.
Қытай вирусологтары жарқанаттардан жаңа коронавирус анықтады, ол COVID-19 сияқты адамды жұқтыруы мүмкін, деп хабарлады қытайлық South China Morning Post басылымы.
Вирус коронавирустардың жаңа тобына жатады және HKU5-CoV-2 деп аталады. Ол Гонконгте жапон тегісмұрынды жарқанатынан табылған.
Зерттеу Гуанчжоу зертханасында Қытай Ғылым академиясы, Ухань университеті және Ухань вирусология институтының ғалымдарымен бірлесіп жүргізілді. Жұмысты коронавирус зерттеулерімен танымал вирусолог Ши Чжэнли басқарды.
Мамандар HKU5-CoV-2 вирусының адамдағы ACE2 рецепторымен әрекеттесе алатынын анықтады, бұл оның адамға жұғу мүмкіндігін теориялық тұрғыда растайды. Дегенмен ғалымдар бұл вирус адам арасында кең таралуы екіталай екенін атап өтті.