Жаңалықтар

АҚШ-тың бірінші ханымы әйелдер құқығын қорғайды

ашық дереккөзі

АҚШ-тың бірінші ханымы әйелдер құқығын қорғайды

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп әлем бойынша адам құқығын қорғаушы белсенділерді марапаттау шарасына қатысып, "әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейтуге" шақырды. Көпшілік алдында аса көп сөйлемейтін Мелания Трамп АҚШ Мемлекеттік департаментінде "Батыл әйелдер" халықаралық конференциясына арнайы қонақ ретінде қатысты. "Біз қорқынышты жеңе біліп, қай жерде болмасын, әділетсіздік пен зұлымдықпен тайсалмай күресуіміз керек", - деді ол. Салтанатты жиында адам құқығын қорғаушы 13 әйелге сыйлықтар тағайындалды. "Әлемдік қауымдастықтың жетекшісі ретінде, біз әйелдер құқығын артыруға күш салуымыз қажет. Түрлі этникалық топтардың адамдарына құрметпен қарап, түптеп келгенде бәріміз де адамзат баласы екенімізді ұмытпағанымыз жөн", - деп мәлімдеді АҚШ-тың бірінші ханымы. Франс Пресс агенттігі Бірінші ханымның "әртүрлі қоғам" туралы мәлімдемесі президент Дональд Трамп әкімшілігінің саясатына қайшы келетінін атап өтті. Трамп "ең әуелі - Америка" дегенді бірнеше мәрте айтып, басқаларды қауіп ретінде қабылдайды. Салтанатты шарада марапатталған әйелдердің үшеу мұсылман елдерінен келген - Ирак, Сирия және Йемен. Дәл осы елдердің тұрғындарын Трамп әкімшілігі АҚШ-қа кіргізбеу туралы жарлық шығарған еді.