Алматы облысындағы кеденде 37 ірі салық төлеушіні негізсіз тексерген
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз тәжірибе тоқтатылды, ал жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Алматы көлік прокуратурасы ірі салық төлеушілердің атына келген тауарларды кедендік заңсыз тексерудің 37 фактісін анықтады.
Тексерулер инспекциялық–қарау кешендерінің істен шығуына байланысты қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің тәуекел профильдері негізінде жүргізілген. Бұл бизнес үшін қосымша қаржылық шығындарға әкеледі.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз тәжірибе тоқтатылды, ал жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.