Ақтөбе облысы прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс болған қаражатты 2 балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтады.
Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған.
Аталған фактілер бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді.
Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.