Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотипті таныстырды

Қорғаныс министрлігі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру 2025 жылғы 7 мамырда өтеді.

Бүгін Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотипті көрсетті.

Қорғаныс министрлігі бұл суретті 2025 жылдың 20 ақпанында Telegram каналында бөлісті.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотип», – делінген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жарияланымындағы жазбада.

Айта кетейік, Кейін Қазақстан үкіметі 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындық және мерекелеу жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа ұлғы» іс-шаралар жоспарын бекітті. Құжатқа сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру 2025 жылғы 7 мамырда өтеді.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты 2020 жылдан бері әскери шерулер өткізілмеген болатын.