Жаңалықтар

Қызылордада білім беру орталығының бас есепшісі 50 млн теңге жымқырған

сурет ашық дереккөзден алынды

Бас прокуратура ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпаратты жарияламады.

Қызылордада прокурорлар бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді.  

Нәтижесінде "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталған.

"Бұл дерек бойынша облыс прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық істі тіркеді", - деп жазылған хабарламада.

Бас прокуратура ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпаратты жарияламады.