Британдық The Independent басылымы әлемнің әбеди картасын шығарды. Онда Қырғызстаннан әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесі ұсынылған.
Бұл картада Қазақстанды Айтматовтың тағы бір шығармасы – «Ғасырдан да ұзақ түн» («The Day Lasts More Than a Hundred Years») романы таныстырады.
Басылым осы шығармалар арқылы басқа да мәдениеттерді жақынырақ білуге болатынын жазды.
Өзбекстанды – Том Бисселдің «Теңізге шығар жол» шығармасы, Тәжікстанды – Андрей Волостың «Хуррамабад» романы, ал Түркіменстанды – Ак Вельсапардың «Айпи туралы аңыз» шығармасы арқылы тануға болады. Ресей атынан Лев Толстойдың «Бейбітшілік және соғыс» романы ұсынылған. Картаға әлемнің 197 елі енген.