«Жомарт» кенішіндегі апат себебі 10 күнде анықталады
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында Ұлытаудағы шахтада болған апат себебін анықтау үшін арнайы екі комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазір шахтадағы жұмыс тоқтады. Арнайы екі комиссия құрылды: бірі апаттың себебін, екіншісі қандай қауіпсіздік техникалары бұзылғанын анықтайды. Бұл комиссиялар өз жұмысын 10 күн ішінде аяқтауы тиіс. Сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу жоспарланып отыр», - деді вице-премьер.
Айта кетейік, 17 ақпанда Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде апат болып, 7 кенші қаза тапқан болатын.