Майк Тайсоннан Мұхаммед Әлидің ауруы анықталды

19 ақпан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Getty Images

Майк Тайсон 2024 жылы өткізген жекпе-жегінің алдында Паркинсон ауруына шалдыққаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы блогер-шоумен Джейк Пол мәлімдеді.

Майк Тайсон біздің жекпе-жегіміздің алдында бақадан жасалған психоделик ішкен. Осылайша, ол оған Паркинсон ауруын емдеуге көмектесті, - деп атап өтті Пол.

Айта кетерлігі, Паркинсон ауруына Тайсонның кумирі әйгілі Мұхаммед Әли шалдығып, салдарынан спорттағы мәнсабын аяқтауға мәжбүр болған.