Жаңалықтар

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Kazinform

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Еліміздің 9 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. 

- 19 ақпанда ауа сапасының нашарлауына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында болады, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.