Ғалымдар өзгелерді кінәлауға бейім болу мен әлеуметтік желіге тәуелділік арасында байланыс барын анықтады

18 ақпан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: socialmediavictims.org
Әлеуметтік желілер қазіргі заманның ажырамас бөлігіне айналды, бірақ кейбір адамдар үшін олар шамадан тыс қолданылып, тәуелділікке ұласуы мүмкін. Зерттеушілер бұл тәуелділікке кімдер көбірек бейім екенін анықтауға тырысуда.

Ғалымдар өзгелерді кінәлауға бейім болу мен әлеуметтік желіге тәуелділік арасында байланыс барын анықтады

Жақында Acta Psychologica журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар назар тапшылығы белгілері мен әлеуметтік желіге тәуелділік арасындағы қатынасты зерттей келе, эмоцияларды басқару тәсілдерінің маңызды рөл атқаратынын анықтады.  

Әлеуметтік желілер қазіргі заманның ажырамас бөлігіне айналды, бірақ кейбір адамдар үшін олар шамадан тыс қолданылып, тәуелділікке ұласуы мүмкін. Зерттеушілер бұл тәуелділікке кімдер көбірек бейім екенін анықтауға тырысуда.   

Мамандар назар тапшылығы гиперактивтілік бұзылысы (ADHD) бар адамдарды зерттей келе, олардың көпшілігі өзін кінәлау әдісін жиі қолданатынын және әлеуметтік желіге тәуелділік деңгейінің жоғары екенін анықтады. Алайда, жасы, әлеуметтік желіде өткізетін уақыты және басқаларды кінәлау стратегиясын қолдану бойынша айтарлықтай айырмашылықтар байқалмады.  

«Біз цифрлық тәуелділіктің әртүрлі формаларын, соның ішінде проблемалық ойын және YouTube-ті шамадан тыс пайдалануды зерттеуді жалғастырып жатырмыз», – дейді зерттеушілер Хуанг пен Лин. Сонымен қатар, ғалымдар психикалық денсаулық мәселелері бар адамдарға әлеуметтік желі тәуелділігінің әсерін қарастырып, себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін ұзақмерзімді зерттеулер жүргізуде.

Тэгтер:

зерттеу Әлеуметтік желі ғалымдар әлеуметтік Ғылыми-зерттеу кінә