Жаңалықтар

ТЖМ басшысы Ұлытау облысындағы оқиға орнына барды

Шыңғыс Әрінов қайғылы оқиғаның орнын жеке өзі тексеріп, штаб отырысына қатысты.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Үкіметтік комиссия құрамында Ұлытау облысында болған төтенше жағдай орнына барды.

Шыңғыс Әрінов қайғылы оқиғаның орнын жеке өзі тексеріп, штаб отырысына қатысты. ТЖМ басшысының назары оқиғаның салдарын жоюға тартылған барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге бағытталды.

Үкіметтік комиссияның құрамына төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов және ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев кірді.