Ұлытаудағы шахтада қаза тапқан кеншілердің суреті жарияланды
Бұл — біз үшін орны толмас ауыр қайғы.
17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына қарасты «Жомарт» кенішінде жарылыс болып, 7 адам қаза тапқан еді.
Бүгін «Қазақмыс» корпорациясы марқұмдардың суретін жариялады.
«Бүгін біз үшін орны толмас ауыр күн. «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері – біздің үлкен отбасымыз және әрқайсының өмірі біз үшін баға жетпес құндылық. Қайғылы оқиғада қаза тапқан жеті әріптесіміздің отбасына, жақындарына және барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл — біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Әрбір қызметкеріміздің амандығы – біздің басты құндылығымыз. Біз бұл жағдайды терең зерттеп, тиісті шара қабылдаймыз. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Біз барынша қолдау көрсетеміз. Біз әріптестерімізді жадымыздан шығармаймыз. Олардың есімі жүрегімізде мәңгі сақталады», - деп жазды компания ресми парақшасында.