7 жастағы оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын жүлде алды
Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.
Астана қаласы № 81 Astana English school халықаралық мектебінің 1 «г» сынып оқушысы Нұрлан Бақдаулет халықаралық «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді.
Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.
Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Бақдаулет «Математика және science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты.
Айта кетейік, Нұрлан Бақдаулетпен бірге еліміз атынан барып осы жарысқа
«Жаратылыстану» пәні бойынша қатысқан 4 «б» сынып оқушысы Ақболат Зере үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі.