Алматыдағы ауыр машина жасау зауытының жері қайтарылды
Зауытқа 37 га астам жер учаскесі қайтарылды.
Біраз уақыт бұрын Алматы қаласының прокуратурасы Алматыдағы ауыр машина жасау зауытының мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді.
Талап-арызда зауытқа 37 га астам жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 құратын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруды сұраған.
Сот талапкердің өтінішін қанағаттандырды.