2025 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдарды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.
Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.