«Қазақмыс» ұжымдық келісімшартқа сәйкес «Жомарт» кенішінде қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсететінін атап өтті.
- Әлеуметтік және материалдық қолдау мақсатында, соның ішінде моральдық зиянды өтеу үшін, қаза тапқандардың отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері және 2 миллион теңгеден астам жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға төленеді.
Сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған, - делінген хабарламада.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.