Астанадағы лифтте жарақаттанған бала ауруханадан шығарылады

17 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Елордада тұрғын үй лифтінде жарақат алған баланың денсаулығы жақсарып келеді, ертең ауруханадан үйіне шығарылады.

– Баланың жағдайы жақсы, еш шағым жоқ. Бүгін таңу жасалғанда жарақат тігістері жартылай алынды. Қабыну белгілері жоқ, сондықтан ертең баланы ауруханадан шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғманов.

Айта кетейік, елордадағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінде жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. 

Тэгтер:

Астана лифт