Шығыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

17 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz
Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Тэгтер:

Әкім Шығыс Қазақстан облысы