Қарағанды-Теміртау тасжолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

17 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облыстық ПД ПАЗ автобусы мен HOWO жүк көлігі 16 ақпанда сағат 16:30-да Қарағанды-Теміртау автожолының бірінші шақырымында соқтығысқанын мәлімдеді.

Жол апаты кезінде автобус салонында төрт жолаушы болғаны айтылды. Апат салдарынан автобустың 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сәйкес сараптамалар тағайындалды.

Тэгтер:

Жол апаты Қарағанды облысы Теміртау