Алматы облысында 4 жасөспірім тауға шығып, адасып кеткен

17 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
ТЖМ
Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3 010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті

Бүгін Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып кеткен.

Олар таудан түсіріліп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

«Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3 010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті.

Жасөспірімдердің ата-аналары құтқарушыларға алғыстарын білдірді», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Алматы облысы тау адасу