«Өнердегі отбасымды сағындым»: Жұлдызай Дүйсенбиева көп жылдан кейін «Алдараспан» театрына оралды

17 ақпан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
фото: әлеуметтік желіден

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева араға біраз жыл салып, өнердегі шаңырағына қайта оралғанын хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz.

«Алдараспанның 15 жылдық мерекелік концертін бастап кеттік! Ееех, өмір-ай! Айтатын әңгіме көп, сіздерді де, өнердегі отбасымды да сағынғаным хақ», – деп жазды әртіс.