Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал
17 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды tyrkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Cиноптиктердің болжамына сүйенсек, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.