Ақтөбеде ер адамдар құрылысшы кейпінде жүріп, трансформаторларды ұрлаған
Сот ұйымдастырушыны 4 жылға бас бостандығынан айырды
33 жастағы Астана тұрғыны Ақтөбеге келіп, трансформаторларды ұрлаумен айналысады. Ол құрылысшы формасын, каска және болгарка сатып алып, жалға алынған арнайы көліктің көмегімен қосалқы станциялардан жабдықтарды ұрлаған.
Осы әдіспен ол «Алтын Орда» ықшамауданында 4 трансформаторды ұрлап, өзіне серік ретінде Солтүстік Қазақстан облысынан келген 22 жастағы жігітті тартқан. Кейін ұрланған жабдық Бішкекке бағыт алған жүк көлігінен табылды.
Сот ұйымдастырушыны 4 жылға бас бостандығынан айырды. Ал серігіне 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жәбірленушілерге кекелтірілген залал өтелді.