Ер адам 14 жастағы жасөспірімді өлтіріп, бес адамды жаралады
Австрияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, алайда әзірге шабуыл террористік акт ретінде ресми танылған жоқ
"15 ақпанда болған шабуыл салдарынан бір жасөспірім көз жұмды, ал екі адам ауыр жарақат алды. Қалған үш адамға медициналық көмек көрсетілді. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, шабуылшы оқиға кезінде «Аллаху Акбар» деп айқайлаған, – деп жазады басылымдар.
БАҚ жариялаған фотода күдікті – Ахмад Г. есімді Сириядан шыққан азаматтың күліп отырғаны байқалады. Ол радикалды исламистік топтармен байланысты символиканы көрсеткен.
Австрияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, алайда әзірге шабуыл террористік акт ретінде ресми танылған жоқ.
Куәгерлер бұл жағдайды "қорқынышты фильмнің көрінісі" деп сипаттады. Kleine Zeitung басылымына сұхбат берген бір куәгер шабуылды өз көзімен көргенін айтты.
"Бәрі бірден болды. Бір ер адам көліктен шықты, адамдар жан-жаққа қаша бастады. Біздің қызметкеріміз мекеменің есігін жауып, қонақтарды ішке кіргізді", – деді ол.