Алтын кенішінде болған апат салдарынан 48 адам қаза тапты

16 ақпан, 2025 / Алуа Арман
Видеодан алынған кадр
Жергілікті полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға сенбі күні болған

Малидің батысында заңсыз алтын өндіретін шахта опырылып, кемінде 48 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға сенбі күні болған.

Алдын ала деректер бойынша, шахтаны бұған дейін қытайлық компания пайдаланған. Құрбандардың басым көпшілігі – әйелдер.

Аймақта заңсыз кен орындарын пайдаланудың жоғары деңгейіне байланысты осындай қайғылы оқиғалар жиі қайталанатыны хабарланды.

Тэгтер:

апат