Абай облысында қауіпті өрт сөндірілді
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себептері анықталып жатыр
Абай облысы Мақаншы ауданындағы жеке үйде бір шатыр астында орналасқан гараж, дүкен және шаруашылық блогы өртеніп кетті, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер қоңырау түскеннен кейін 4 минут ішінде барған, алайда өрт туралы кеш хабарланғандықтан және шатыр ағаштан жасалғандықтан жалын тез таралып үлгерген.
Құтқарушылар 50 литрлік екі газ баллонын сыртқа шығарып, 140 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себептері анықталып жатыр.