Қостанайда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды эвакуациялады

16 ақпан, 2025 / Алуа Арман
ТЖМ
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр

Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат жанды.

ТЖМ мәліметінше, жедел келген өрт сөндірушілер 5 ш.м. алаңдағы өртті сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

Қостанай