Жамбыл облысында екі жасөспірім өзімен жасты оқушыны өлтіргені үшін сотталды

15 ақпан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Сот негізгі айыпталушыны 11 жылға, ал екіншісін 9 жылға бас бостандығынан айырды

Жамбыл облысында бұзақылық жасап, Меркі ауданында мектеп оқушысын өлтірді деп айыпталған екі жасөспірімнің қылмыстық ісі қаралды.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың мамыр айында болған. Кәмелетке толмаған сотталушылар мен жәбірленуші арасында жанжал шығып, сол кезде жігіттердің бірі темір кастетпен жәбірленушінің желке тұсынан соққы жасаған.

Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Сот негізгі айыпталушыны 11 жылға, ал екіншісін 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушылар кінәларын ішінара мойындады. Сондай-ақ сот олардың заңды өкілдерін жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Тэгтер:

Жамбыл облысы