Мемлекет басшысы Сербия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

15 ақпан, 2025 / Алуа Арман
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Тэгтер:

құттықтау Сербия