Әнші Бүркіт келіншегінің туған күнін атап өтті (ВИДЕО)

14 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
Өнер иесі жұбайының туған күнін кеш болса да атап өтуді ұйғарған.

Эстрада жұлдызы Айбек Жансейіт әйелі мен баласының туған күнін қатар атап өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Аишаның да, Омартайдың да туған күндерін шетелде биыл өткізбеген едік. Не болса да, кешіктіріп өткізіп жатырмыз. Кішігірім етіп, достарын шақырып атап өттік. Жандарым менің, бақытты болыңдар! Алла сендерді әрқашан қолдап жүрсін. Омартайым, үлкен азамат болып өс! Өмір жасың ұзақ болсын! Жарыма айтатынның бәрін айтып қойғанмын», – деп жазды Бүркіт әлеуметтік желіде.

Еске салсақ, бұған дейін Бүркіт пен Аишаның қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасағаны жайында жазған едік.

Тэгтер:

әнші Туған күн Аиша Бүркіт