Ресейде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті
Халықаралық әуежай уақытша жабылды.
Ресейдің Пермь қаласындағы әуежайда ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Пермь әуежайының (Большое Савино) баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуежай әуе кемелерін қабылдау мен жіберу үшін уақытша жабылды.
«Бүгін сағат 14:30-да мемлекеттік авиацияның ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Қосымша әуежайларға екі рейс жөнелтілді. Әуежайдың ашылуы туралы қосымша хабарлаймыз», - деп айтылған хабарламада.
Айта кетейік, Большое Савино — Пермь қаласының халықаралық әуежайы. Азаматтық әуежай ретінде 1965 жылы ашылған. Әуежай Пермь қаласының орталығынан 17,6 км оңтүстік-батысқа қарай, Большое Савино ауылының маңында орналасқан.