Нұрлан Ұранхаев қызметінен босатылды

14 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Gov.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Нұрлан Ұранхаев Абай облысы әкімі қызметіне 2022 жылдың 11 маусымында тағайындалған болатын.