Азиада-2025: Қазақстан ерлер құрамасы хоккейден чемпион атанды

14 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.

Шайба авторлары: 

Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.

Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Тэгтер:

Азия ойындары хоккей