T-LIFE

Күйзеліс ми жұмысын тежейді – зерттеу

сурет: istockphoto.com

Ғалымдардың айтуынша, күйзеліс жағдайында адамдар жаңа ақпаратты қабылдауда қиындықтарға тап болып, ойланбай шешім қабылдайды және дыбыстарды да басқаша қабылдайды.

Стресс тек психикаға әсер етіп қоймай, ми қызметін де айтарлықтай өзгертеді.

Ғалымдардың айтуынша, күйзеліс жағдайында адамдар жаңа ақпаратты қабылдауда қиындықтарға тап болып, ойланбай шешім қабылдайды және дыбыстарды да басқаша қабылдайды.

Эксперимент барысында ғалымдар стресс жағдайындағы тышқандардың әлсіз дыбыстарды естімей, ал қатты дыбыстарды әлсіз деп қабылдағанын анықтады. Бұл олардың миы қоршаған ортаға емес, тек тікелей қауіпке назар аударғанын көрсетті.

Зерттеушілер мұндай өзгерістер адамдарда да кездесуі мүмкін екенін айтады.