Бакуде Абайдың шығармалар жинағы таныстырылды

Бакуде Абайдың шығармалар жинағы таныстырылды

Бакуде Абайдың шығармалар жинағы таныстырылды
ашық дереккөзі
Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінің қатысуымен Баку мемлекеттік университетінде қазақтың ұлы ақыны, философ, жазушы Абай Құнанбаевтың әзербайжан тіліндегі шығармалар жинағы таныстырылды. «Профессор Рамиз Аскеров қазақтың «Қыз Жібек» халықтық лиро-эпостық поэмасын әзербайжан тіліне аударды», – деді шарада сөз сөйлеген Әзербайжандағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі Дархан Көшербаев.    Сондай-ақ ол 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына, Абайдың 170 жылдығына арналған халықаралық конференция өте жоғары деңгейде  өткенін атап өтті. Бұл әзербайжан ғалымдары мен студенттері тарапынан Қазақстанның тарихына, мәдениетіне деген қызғушылықты оятты.   Дипломат Баку университетінде 6 жыл бойы Қазақ тілі, Атай атындағы тарих және мәдениет орталығы сәтті жұмыс істеп тұрғанына тоқталды. Орталық басшысы – филологиялық ғылымдар докторы Фатима Дурсунова. Таныстырылып отырған кітап Орталықтың жемісті еңбегінің кезекті дәлелі болып табылады.   Айта кеткен жөн, Астанада Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Гейдар Алиев атындағы осындай мәдени орталық жұмыс істейді. Бұл факті елдердің және халықтардың бір-бірінің тарихына, мәдениетіне, дәстүріне деген құрметті білдіреді.