АҚШ азаматтығын алған павлодарлыққа 800 мың теңге айыппұл салынды

14 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
İstockphoto

Ер адам АҚШ азаматтығын қабылдаған соң оны тиісті органдарға хабарламаған. Сот ер адамды кінәлі деп танып, шамамен 800 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұл салды. 

Павлодар облысында қос азаматтығы бар адамдарға тексеріс күшейді. 

Қазақстан азаматы басқа елдің азаматы бола алмайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 1387 адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылу тіркелді, оның 1362-сі басқа мемлекеттің азаматтығының бар екендігі туралы дербес хабарлады.

«Полицейлер көрші мемлекеттің азаматтығы бар 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын анықтады. Материал сотта қаралды, оның шешімі бойынша Железин ауданының тұрғыны біздің елден шығарылды. Сот Қазақстанға кіруіне бес жылға тыйым салды», - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Павлодарда полиция тағы бір құқық бұзушыны анықтады. Ер адам АҚШ азаматтығын қабылдаған соң оны тиісті органдарға хабарламаған. Сот ер адамды кінәлі деп танып, шамамен 800 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұл салды.