Жаңалықтар

Астана вокзалындағы жарылыс: ТЖМ хабарлама таратты

Фото: ТЖМ

ТЖМ оқиға орнына дереу құтқарушылар жеткенін мәлімдеді

Астана вокзалында орын алған төтенше оқиғаға қатысты ТЖМ хабарлама таратты.

Астана вокзалында орын алған төтенше оқиғаға қатысты ТЖМ хабарлама таратты.

Елордалық Полиция департаментінің орталық жедел басқармасының дерегінше, Сарыарқа ауданындағы Гёте көшесінде жарылыс болған. 

ҚТЖ бөлімшесі кезекшісінің мәліметінше, 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде дүмпу орын алды.

Ал ТЖМ оқиға орнына дереу құтқарушылар жеткенін мәлімдеді.

- Өрт болған жоқ. Зардап шеккендер де байқалмады. Оқиға нәтижесінде бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажеті болмады, - делінген ведомство дерегінде. 

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары нақтылануда.